Армения президенті Серж Саркисян Түркия президенті Абдулла Гүлді Ереванда өтетін футбол ойынын бірге тамашалауға шақырды. Бұл екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас тоқтап қалған. Саркисянның баспасөз-хатшысы хабарлағандай, Гүл қыркүйектің 6-да Ереванда Армения мен Түркия командалары арасында болатын Әлем Кубогына қатысты футболды тамашалауға шақырылған. Анкарадан әлі ресми жауап болмады.