Accessibility links

Монғолия астанасында төтенше жағдай тәртібі тоқтатылды


Улан-Баторда төтенше жағдай сәрсенбіге қараған түні болған тәртіпсіздіктерде 5 адам қаза тауып, 200-дей кісі жарақат алған соң енгізілген болатын. Парламенттік сайлаудың бастапқы нәтижелері бойынша билік партиясының жеңіске жеткені турасында хабарланғаннан кейін наразылық толқулары басталған еді. Оппозиция сайлау барысында кең көлемде заң бұзушылықтар болды деп дауыстардың қайта саналуын талап еткен. Монғолиядағы жетекші партиялардың келіссөздері жексенбі күні нәтижесіз аяқталған, ол ертең де жалғасатын болады.
XS
SM
MD
LG