Accessibility links

Кабулдағы Үндістан елшілігінің жанындағы жарылыста 40-тан астам адам құрбан болды


Ауған ресмилері жанкештілік жарылысында тағы ондаған адамның жарақат алғанын айтқан. Бұл 2001 жылы тәліптер биліктен қуылғаннан бергі ең бір үлкен бомба шабуылы болған. İшкі істер министрлігінің өкілі зардап шеккендердің көпшілігі елшілікке виза үшін келген қарапайым тұрғындар болған дейді. Тәліп күрескерлері Батысшыл үкімет пен шетелдік күштерге қарсы жанкештілік бомба шабуылын пайдалану әдістерін соңғы кездері күшейте түскен.
XS
SM
MD
LG