- Қазір ауылшаруашылық техникасына біз сатып алатын қосалқы бөлшектердің сапасы нашарлап кетті, бұрынғыдай мемлекеттік стандартқа сәйкес келмейді. Жаңадан келетін саймандардың барлығына дерлігін екінші рет қайта жөндеуге тура келеді.
Бізге Қытайдан, Ресейден әкелетін ауылшаруашылығы техникасы мен қосалқы бөлшектері жылдан жылға қымбат бағамен келіп жатыр, сапасы әлгіндей құрал-сайманға ондай бағаны кім белгілейтіні де белгісіз.
Мысалы, былтыр күзге таман жап-жаңа комбайн сатып алдық, бірақ саймандары сапасыз болғандықтан бір жылға жетпей істен шығып жатыр. Оның үстіне бензин мен солярканың бағасы да үнемі қымбаттап отыр. Сөйтіп, осының барлығы өндірілген өнімнің өзіндік бағасына көп әсер тигізеді, көп шығынмен келетін біздің өнім өзін-өзі ақтамайды.
Сондықтан үкімет жағынан осы техникалардың, оларға қосалқы бөлшек-саймандардың сапасына көбірек көңіл бөлсе дейміз. Онан кейінгі үлкен проблема – механизаторлар, ауылшаруашылығына қажетті өзге де кадрлар жетіспейді. Бұл салаға қазір жастар көп келмейді, олар қалаға кетіп қалады да, ауылда бары сол бұрынғы мамандар.
Қазір үкімет ауылшаруашылығына көңіл бөле бастады дегенімізбен, бізде осындай қиындықтар бар.