Accessibility links

Журналист Өмірзақ Мұқай Нұрсұлтан Назарбаевтың Нобель сыйлығына ұсынылуы жөнінде


- Азамат ретінде айтарым, әлемдік деңгейдегі лидерлердің арасындағы қазіргі саяси жағдайға байланысты Орталық Азиядағы геосаяси оқиғаларға және оның маңызына қарайтын болсақ, бұл жер ықтимал саяси күрестердің аймағы ғой. Сондықтан, бұл жерде қарусыз отыруға болмайтын еді. Оның үстіне, екі ұлы ядролық державаның ортасында отырған мемлекетпіз.

Сонымен қатар, Пәкістан, Үндістан және Иранда ядролық қарулар жасалып жатқанын және оған қол жеткізе алмай отырған мемлекеттер мен басшылардың көп екенін Нұрсұлтан Назарбаев білмеді деуге болмайды. Ол кісі осының барлығын біліп, түсінді. Бұрынғы Одақтан қалған бүкіл ядролық потенциалдың аралық салмағы бойынша сол кезде әлемде төртінші ядролық мемлекет болып отырған Қазақстан, бұл қаруды өз қолымен өткізіп берді.

Ал бұл басқаға сес көрсетудің, сондай-ақ, әлемдік деңгейде өз дегенін істетудің құралы ретінде есептеледі. Содан бас тартуы үлкен тәуекелдің және үлкен шешімталдықтың белгісі деп ойлаймын. Және бір нәрсе, осы қадам арқылы Орталық Азия ғана емес, бүкіл ТМД аумағынан ЕҚЫҰ-ға алғашқы болып төрағалық етейін деп отырған мемлекеттің болашақтағы жарқын мүмкіндігін ашып берді деп ойлаймын.

Қазір бізде ядролық қару болатын болса, біз ЕҚЫҰ-ның маңайымен де жүре алмас едік. Сондықтан, бұл жерде Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарудан бас тартуын әлемдік саясатқа жасалған үлкен корректировка деп ойлаймын. Сондай-ақ, бұл әлемдік дәрежедегі саясатта шешуші фактор есебінде бағамдалуы керек деп есептеймін.

АҚШ конгресмендерінің нағыз демократиялық мемлекеттің азаматтары есебінде, нағыз демократиялық елдің сайланбалы органының өкілдері есебінде, осындай игі бастама көтерулерін бүкіл әлем қолдап отыр деп түсінемін.
XS
SM
MD
LG