Ол Франция президенті Николас Саркозимен келіссөз өткізбек, одан ары Жерорта теңізі Одағының құрылтайына қатыспақ. 2005 жылы Ливанның бұрынғы бас министрі Рафик Харири өлтіріліп, бұған Сирия агенттері қатысқан деп күдіктелген соң Сирия оқшауланған еді. Сирия президенті Башар Әл-Асад халықаралық сахнаға содан бері енді-енді шығып отыр. Жерорта теңізі Одағының құрылтай жексенбі күні өтетін болады, жаңа ұйымда қырық шақты мемлекет бас қосып отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Сарапшымен сұхбат
Газадағы соғыс Орталық Азияның қауіпсіздігіне қалай әсер етеді?
-
Билік пен халық
"Жалпыұлттық диалог" па, "автократтың сценариі" ме?