Accessibility links

Солтүстік Корея үкіметі ядролық кәсіпорындарының жойылуын тексеруге келісті


Солтүстік Корея ядролық мәселесіне арналған алты тарап келіссөзі Қытай астанасы Пекинде бүгін осындай нәтижеге жетті. Солтүстік Корея ядролық кәсіпорындарын бұзып жатыр, енді осы жұмыстың толыққандығын тексеруге келісті. Дегенмен, тексерудің нақты кестесі әлі анықталуға тиіс. Солтүстік Кореямен келіссөзді Ресей, АҚШ, Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея жүргізуде.
XS
SM
MD
LG