Бүгін Рим папасы Бенедикт 16-шы Австралияға келді. Ол бұл сапарында өзінің ғаламдық жылынудың қаупі туралы көтергісі келетінін айтқан. Бенедиктің ұшағы Ватиканнан 20 сағат ұшып, солтүстіктегі Дарвин қаласына келген. Бұл елде Рим папасы үш күн болады. Алдағы аптада Сиднейде өтетін католик жастардың фестиваліне қатысады. Бенедикт 16-шы өткен жылы Бразилияға барған, көкек айында Құрама Штаттарға сапар жасады, енді қыркүйек айында Францияға бармақшы.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
1992 жылғы 31 мамырдағы аза тұту күні неге Назарбаевсыз өтті?
AzattyqTV