Қырғызстан ресмилерінің айтуынша, елдің оңтүстігінде күйдіргіге шалдыққан 7 адам ауруханаға жатқызылған. Олар бұл дертті сиыр етінен жұқтырған көрінеді. Дәл сол аймақта жұма күні қайтыс болған 76-жастағы бір кісі де күйдіргіге шалдыққан болуы мүмкін деп хабарланып отыр.