Accessibility links

Британия Шариғат заңдарына сай келетін құнды қағаздар шығармақшы.


Қаржы министрлігінің бұл ұсынысы қабылданса, Британия Шариғат заңына сәйкес қаржылық қадам жасаушы алғашқы батыстық ел болады.

Мұның өзі Британия мұсылмандарының қаржылық қызметтерге қол жеткізулеріне және Лондонның халықаралық Ислам қаржы орталығы деген мәртебесін көтеруге жағдай жасамақшы.
Мұсылмандар үшін өсім пайызын алуға және төлеуге Шариғат заңдары бойынша тиым салынған. Сондықтан Шариғат бойынша әрекет ететін инвесторлар ісінің шек-шамалары бұған дейін Британия үкіметі тарапынан мұқият зерттелген болатын. Енді міне елдің Қазына министрлігі "сукук" деп аталатын ол құнды қағаздарды шығару қажет пе, жоқ па деген шешім жасамақшы. Лондонда орналасқан Нортон роус деп аталатын Ислам қаржы тәжірибесін зерттеумен айналысатын орталықтың бас заңгері Дэвид Барзилей: “Белгілі бір мүлікті сатып алу үшін бізге төлеген қаржыңызды біз экономикалық қажеттіліктерге, бизнес істеріне саламыз. Нәтижесінде өзіңіздің қосқан үлесіңіздің көлеміне қарай өнім пайдасынан өз үлесіңізді сізге қайтарамыз”,-деді.

Британия қаржы министрі Элистер Дарлиң үкіметтің жылдық бюджеттік жоспарымен парламентті келер жылдың наурызында таныстыратын болады. Ендеше шариғат заңына сәйкес қаржылық бұл жаңалық жоспар жөніндегі шешім де содан кейін белгілі болмақшы. Егер жоспар қабылданған жағдайда Британия Шариғат заңына сәйкес қаржылық қадам жасаушы алғашқы батыстық ел болмақшы.

Дей тұрғанмен Шариғат заңдарына сәйкес қаржылық кейбір шешімдер бұған дейін жекелеген елдерде орын алған еді. Мысалы, Германияның Саксони-анхалт жерінде 2004 жылы сондай қаржылық шешім шығарылған болатын. Ал, өткен жылы Форд компаниясы өзінің астон мартин атты бөлімшесін сатқанда, төлемнің бір бөлігі сукук арқылы қаржыландырылған болатын.

Британия экономика минстрі Ед Бэллс өткен сәуір айында жоспарды ұсына келіп, сукуктың айналымда көбейе түскенін атап айтқан болатын. Ал оның ізбасары Кити Юшер болса қаржылық бұл жаңалық Британияға үлкен пайдалар әкеледі деді. Оның біріншісі- Британия мұсылмандарының қаржылық қызметтерге кеңірек қол жеткізуіне мүмкіндік беру. Келесі пайда- әлемдегі жетекші қаржы орталығы ретіндегі Британияның беделі өсе түспекші.

Қазірдің өзінде британиялық мұсылмандар үйлі болу үшін несие алу, баланың оқуына арнап ақша жинау сияқты есеп шоттарды ашуға қол жеткізіп отыр. Ендеше сукуктың қабылдануы логикалық келесі қадам болмақшы. “Британия банк жүйесі ішінде Ислам қаржы жүйесі үлгісінің өмір сүріп, дамуына көмектесу үшін өткен 6 жыл ішінде үкімет едәуір күш жұмсады. Мұның өзі әлемдік тұрғыдағы танымның өсуіне және Ислам қаржы ережелері өсе түскен жағдайда, Лондон қаласының әлемдік беделін де нығайтуға мүмкіндік жасап отыр”, деді Барзилай.

Сондай-ақ бұл істің дау тудыруы да мүмкін. Себебі Таяу Шығыс компаниялары мен ол елдердің іскер азаматтары үкімет ғимараттарының иесі боп шығуы ықтимал. Өткен айдың басында ББС теле арнасына берген тізбекті сұхбатында Кантербәридің архиепископы Роуан Уилиямс Шариғат заңдарының кейбір тұстарын Британия заңдарына енгізу үдерісі жүзеге асуы тиіс мәселе, деген болатын. Қарсы болушы заңгердің бірі Едвард Лейғ болса, сукуктың енгізілуі үлкен проблемаларға алып баруы мүмкін, дейді.
Жоспар жүзеге асқан жағдайда, алғашқы сукук ережесі осы жылдың соңына қарай жарыққа шықпақшы.
XS
SM
MD
LG