Accessibility links

Босниялық сербтердің бұрынғы басшысы Радован Караджич тұтқындалды


Босниялық сербтердің бұрынғы басшысы Радован Караджич Сербияда тұтқындалды. Соғыс қылмыстары жөніндегі БҰҰ трибуналы Караджичке Босниядағы соғыс кезінде геноцид жасады деген айыптар таққан болатын. Президент Борис Тадичтің кеңсесінің хабарлауынша, Сербия қауіпсіздік қызметтері Караджичті дүйсенбі күні кешке қамауға алған. БҰҰ бас хатшысы Пан Ги-Мун Караджичтің тұтқындалуы “құрбандар үшін тарихи сәт” болды деп атап көрсетті. Караджич шамамен 12 жыл бойы қолға түспеген болатын.

XS
SM
MD
LG