Accessibility links

Миграциялық заңды бұзғандар жауапқа тартылды


Шілденің 15-19 аралығында Алматы қалалық ішкі істер департаменті «Мигрант» жедел алдын алу шарасын өткізді. Сәрсенбі күні Алматы қалалық ІІД-ның көші-қон полиция басқармасы осы шараның қорытындысын шығарды. Аталмыш мекеменің өкілі Марат Мақсұтұлы Кезембаев осы мәселеге байланысты сәрсенбі күні «Азаттық» тілшісіне өткізілген шараның нәтижесінде миграциялық заңды бұзған 1357 шет елдік азаматтың әкімшілік жауапқа тартылғандығын хабарлады. Шара барысында ірі сауда орындары, базарлар, шет ел азаматтары жұмыс істейтін мекемелер мен кәсіпорындар, шет ел студенттері оқитын жоғарғы оқу орындары тексерілген.
XS
SM
MD
LG