Украина президенті Виктор Ющенко өзін улау ісіне бұрынғы одақтасы, әрі жақын досы болған адамның қатысы бар деді. Киевте бүгінгі баспасөз мәслихатында ол Давид Жванияның атын атады. Жвания- парламенттегі президентшіл фракцияның мүшесі және Ющенконың бір баласының кіндік әкесі. Өзін кімнің улағанын білетінін президент бірнеше рет қайталаған болатын. Алайда атын айтпаған еді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мәдениет алаңы
"Құтқарушы ақ адам". Орыс қалай қазақты құтқарушыға айналды?