Теһран халықаралық атом қуаты агенттігімен ынтымақтастығын нығайтқысы келеді. Бұл туралы аталған агенттіктегі Иранның бас өкілі Әли Ашгар Солтаниеһ мәлімдеді. Оның алдында Иран өзінің ядролық әрекеттеріне қатысты Венада орналасқан осы агенттікпен байланыстарын азайтуда деген алаңдаушылықтар айтылған болатын. Батыс елдері Иран жасырын түрде ядролық қару жасамақшы деп қауіптенеді, ал ресми Теһран бұл айыптауларды жоққа шығарып келеді.