Түркияның Конституциялық соты бүгін биліктегі партияның тағдырына қатысты мәселені талқылауын одан әрі жалғастырады. Дүйсенбі күні судьялар Әділет және даму партиясы мәселесіне байланысты үкім шығара алмаған болатын. Сөйтіп олар нақты бір шешімге қол жеткізу үшін күнде кездесуге келісті. Премьер-министр Режеп Тайып Ердоғанның партиясы Түркия Конституциясында жазылған зайырлы қоғам жөніндегі ережені бұзуда деп айыпталып отыр. Жексенбіде Стамбулда екі жарылыс болып, кемінде 17 адам қаза тапты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Бір қадам алға, екі адым кейін
Kaspi.kz ақша аударымына салық салу. Билік ескі мәселені қайта көтерді
-
Ақорданың сөзі мен ісі
"Бәрін Назарбаев шешіп отыр". Белсенділер Тоқаевтың саяси реформасына сенбейді
AzattyqTV