Accessibility links

Абхазия грузиндер мәселесін талқылауға әзір


Грузияның жікшіл Абхазия аймағының басшылары кезінде ығыстырылған грузиндерді аймаққа қайтару жөнінде ресми Тбилисимен келіссөз өткізуге дайын. Бұл туралы Абхазия сыртқы істер министрі Сергей Шамба бүгін Азат Еуропа / Азаттық радиосының грузин қызметіне берген сұхбатында мәлімдеді. 1990 жылдардың басында Абхазия Грузиядан бөлініп шыққан кезде шамамен 250 мың грузин азаматы үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған еді. Грузия мен Абхазия ресмилері шілденің 30-да Берлинде кездеседі деп күтілуде.
XS
SM
MD
LG