Accessibility links

Әзірбайжанда түрме қызметкерлеріне қарсы сот басталды


Бүгін Бакуде басталған сотта түрме қызметкерлеріне абақтыда отырған журналистің қолжазбасын тәркіледі деген айып тағылуда. Оппозициялық "Азадлық" газетінің бас редакторы Ганимат Захидтің 300 беттік қолжазбасы ол қамау мекемесінде отырғанда алынған, кейіннен қолжазба түрме басшыларының қолына түскен.
Захидттің адвокаты түрме ресмилері оны қайтарудан бас тартып отыр дейді. Сот отырысы тамыздың 14-не дейін жалғасады.
Бұзақылық жасады деген айыппен сотталған журналист Захид төрт жыл мерзімін өтеуде.
XS
SM
MD
LG