Түркия Жоғарғы соты елдің зайырлы жүйесін бұзбақшы болды деген айып бойынша Әділет және Даму партиясын заңсыз деп тану талабын қабылдамады. Бірақ, Түркия Конституциялық соты исламшыл бағыттағы бұл партияға мемлекет тарапынан қаржылай қолдау тең жартысына азайтылады деді. Түркияның Конституциялық соты премьер министр Режеп Тайып Ердоғанның жетекшілігіндегі партияны жабу мәселесін талқылаған. Прокуратура Ердоған мен оның партиясын елдің бұрыннан келе жатқан негіздерін бұзып, Түркияға исламшыл заңдарды енгізуді қарастырып жатыр деп айыптаған еді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV