Accessibility links

Р. Холбрук Караджичтің айтқанын қабылдамады


АҚШ-тың Босния бойынша бұрынғы бейбіт келісімгері Ричард Холбрук Радован Караджичтің айтқанын жоққа шығарды. Холбрук "Құрама Штаттар маған соғыс қылмыстары айыптарынан құтқаратын келісім ұсынды" деген Караджичтің сөзін негізсіз деп айтты.
Бейсенбі күні БҰҰ-ның соғыс қылмыстары жөніндегі Гаага сотында алғашқы сөйлеген сөзінде Караджич 1996 жылы Холбруктың өзіне келісім ұсынғанын айтқан еді. Ол ұсыныста Караджич саясаттан кетіп, Дейтон бейбітшілік келісімін бұзбайтын болса, АҚШ Караджичтен соғыс қылмыстары айыбын алып тастауға айыптаушыларды көндіретін болған-мыс.

AzattyqTV

Астана маңындағы ауыл

Қояндылықтар жол сұрайды

XS
SM
MD
LG