Accessibility links

АҚШ, Израиль ресмилері Иранның ядролық мәселесін талқылады


АҚШ мемлекеттік департaментінен хабарланғандай, Вашингтонда Құрама Штаттар мен Израиль ресмилері Иранның ядролық қару жасауына жол бермеу турасында келіссөздeр өткізді. Онда АҚШ пен Израиль Техранның ядролық бағдарламасына байланысты терең алаңдаушылықтарын танытқан. Келіссөздерге АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси істер жөніндегі орынбасары Уильям Бөрнс пен Израиль вице премьері Шауль Мофаз қатысқан.
Құпия түрде ядролық қару жасап жатыр дегенді Иран жоққа шығарып, АҚШ-тың уран байытуды тоқтатуға шақырғанын қабылдамады.
XS
SM
MD
LG