Accessibility links

Әзірбайжан шетелдік компаниялар жұмысын тоқтатты


Бүгін Әзірбайжанның орталық банкі елдегі ақша аударумен айналысатын Western Union, MoneyGram компанияларының қызметіне тосқауыл қойды. Оған бұл компаниялардың елдің бөлініп қалған аймағы Таулы Қарабахта жұмыс істеуі себеп болуда. Банктің таратқан мәлімдемесінде, Әзірбайжандағы барлық банкте бұл жүйемен жасалып келген ақша аударылымдары мен қабылдау толығымен тоқтатылды делінген.
1990 жылдың басында Армения күштері Таулы Қарабахқа бақылауды Әзірбайжаннан алған соғыста 30 мыңдай адам құрбан болған. Бұл аймақ әлі де даулы күйінде қалып отыр.
XS
SM
MD
LG