Accessibility links

Кабулда одақтас күштердің бір әскері мерт болды


Ауғанстандағы АҚШ бастаған одақтас күштердің хабарлауынша, бүгін Кабулдағы халықарлық әскерге қарсы бомба шабуылы орын алды. Онда бір сарбаз қаза тауып, бірнешеуі жараланды. Ауған Ішкі істер министрлігі одақтас күштердің көлігі қаланың оңтүстік шығысына бара жатқанда жол бойына қойылған минаға түсіп жарылды деп айтуда.
Жаугерлік топтар Ауғанстандағы шетелдік және жергілікті әскерлерге қарсы жол бойына жиі бомба қойып келеді. Ауған полициясының айтуынша, сенбі күні Қандағар провинциясына тойға бара жатқан автобус минаға соғылып, онда кемінде 10 адам қаза болды.
XS
SM
MD
LG