Accessibility links

Ахмадинежад: Иран ядролық келіссөздерге байсалды қарайды


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад өз елінің Батыспен даулы ядролық текетіресі тек дипломатиялық жолмен реттеледі деп айтты. Бұл туралы Ахмединежад Теһранға келген Сирия президентімен кездесуден кейін мәлімдеді.
“Біз келіссөздерге байсалды қараймыз және келіссөздер тұрақты әрі заңды жолмен болады және ол тәжірибелі нақты қортындылар береді деп үміттенеміз. Біз екінші тарап та келіссөздерге осылай байсалды қарайды, олар ғаламдық, аймақтық маңызды мәселелерді талқылауға дайын әрі бейбітшілік пен қауіпсіздікке қарай жылжиды деп үміттенеміз”.
Оның бұл мәлімдемесі батыс елдерінің Теһран уран байытуды тоқтатса оған қайтарым ретінде тиімді ұсыныстар беріледі дегеніне жауап беретін мезгілмен тұспа-тұс келіп отыр.
XS
SM
MD
LG