Accessibility links

Оман Каспий құбыржелісі консорциумындағы үлесін сатуы мүмкін


Оман үкіметі Каспий құбыржелісіндегі (КҚЖ) жеті пайыздық үлесін сатуы мүмкін, деп хабарлады Рейтер агенттігі. Оман қаржы министрлігінің аты-жөнін атамаған өкілі агенттік тілшісіне: «Егер алушылардың ұсынысы көкейден шығатындай болса, неге сатпасқа? Бірақ, сатып алғысы келетіндердің ешқайсысы әзірге кесімді ұсыныс жасаған жоқ», деген.

Аталмыш консорциумдағы 24 пайыз үлеске ие Ресей және 19 пайызын еншілеген Қазақстан биылғы шілде айында Оманның үлесін сатып алуға қызығушылық білдірген болатын. Сондай-ақ, үлескерлер қатарында Chevron, BP, Royal Dutch Shell, ExxonMobil секілді мұнай өндіруші алпауыт компаниялар бар. Олардың қаржысына салынған Каспий құбыржелісінің жылдық қуаты 33 млн тонна мұнайды құрайды. Былтыр консорциум алғаш рет 423 млн доллар таза пайда тапты. Мамыр айында Ресей мен Қазақстан КҚЖ-нің қуатын жылына 67 млн тоннаға дейін жеткізуге келіскенімен, әзірге өзге акционерлер құбырды кеңейтуге қатысты тоқетер шешімге келген жоқ.
XS
SM
MD
LG