Accessibility links

Қазақстанда жаңа ірі инвестор жұмысын бастамақшы


Eastland Capital Group Ltd атты бұл инвестор Каспий аймағындағы елдерге тікелей инвестиция салуды мақсат тұтады және бастапқы кезеңдегі 2-5 жылдық жобаларға 10-15 млрд доллар көлемінде инвестициялар салуды көздеп отыр, деп хабарлады тамыздың 4 күні Азаттық радиосына компанияның директорлар кеңесінің мүшесі Дінмұхаммед Табылды. Оның айтуынша, компания Қазақстан экономикасының алты саласы бойынша қызмет атқармақ: мұнай-газ саласы, тау-кен және металлургия өндірісі, энергетика, азық-түлік, логистикалық инфрақұрылым, сондай-ақ инновациялық жобалар.

Eastland Capital Group Ltd. компаниясы Қазақстанмен бірге Еуропа, Таяу Шығыс және Оңстүстік-Шығыс Азия елдерінің жеке қорларының қаржысына құрылыпты. Сонымен бірге, Табылды атап өткендей, бұл компания жақында BMB Group Ltd. ислам қорымен бірлесіп, BMB Caspian Ltd. атты аймақтық инвестициялық қор құру туралы келісім жасаған. Бұл жаңа қордың штаб-пәтері Қазақстанда орналасады, деді Табылды мырза.
XS
SM
MD
LG