Accessibility links

Қазақстан Қытайды газ құбырының құрылысына атсалысуға шақырады


Бүгін үкіметтегі селекторлық мәжілісте вице-премьер Ө.Шөкеев хабарлағандай, Қазақстан Қытайды Бейнеу-Ақбұлақ газ құбырының құрылысына атсалысуға шақырады.
Оның сөзіне қарағанда, қазір газ құбыры жобасын 50 пайыздан бөліп қаржыландыру, яғни бір жартысын инвесторлар, екінші жартысын республикалық бюджеттен қаржыландыру туралы шешім қабылданған.
Қытайды осы жобаға қатысуға Қазақстанның энергетика министрлігі шақырып отыр. Газ құбырының жалпы ұзындығы 1510 шақырымды құрап, оның 1-ші сатысы 2011 жылдың шілдесіне дейін аяқталып, елдің оңтүстігіне 5 млрд.текше метр газ жеткізіп тұруға мүмкіндік береді.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG