Accessibility links

Отыз тістен шыққан сөз...


Көптеген газеттер мен сайттарда белгілі тұлғалардың, биліктегі басшылардың, депутаттардың, түрлі дәрежедегі шенеуніктердің түрлі кездесулер мен басқосуларда, сұхбаттарында айтылып қалып, кейіннен ел аузындағы "қанатты сөзге" айналған сөз тіркестері мен қысқаша бір ойлар өрнектелген сөйлемдері арнайы айдарға топталып оқырманына ұсынылып жатады. Мұндайда қазақ айтқан емес пе, "Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарайды" деп.

Сол "отыз тістен шыққан сөздің отыз рулы елге таралуына" біздің интернет сайтымыз да өз үлесін қоссын деген ниетпен, жаңа айдардың бірін біз де ашып отырмыз.

Қадірменді оқырман, бұл айдардың толыға түсуіне және ол оқырманның іздеп отыратын айдарына айналуына сіз де өз үлесіңізді қоса аласыз. Өзіңіз естіген, түрлі мерзімдік басылымдардан көзіңіз шалып қалған атқамінерлердің аузынан аңдаусызда шығып, "қанатты сөзге" айналып кеткен сөз тіркестері мен сөйлемдерді біздің сайтымызға жолдай аласыз. Мекен-жайымыз: www.аzattyq.org

"Айтқан-ақ екен" деп аталатын ұтымды-ұтымсыз сөздер мен орашолақ ойлар антологиясын бірлесіп жасауға атсалысыңыз, қымбатты оқырман.
XS
SM
MD
LG