Accessibility links

Жамбыл облысында автобус аударылды


Тамыздың 4-күні сағат 10.50-де Шымкенттен Алматыға кетіп бара жатқан «Сетра» автобусы Жамбыл облысы Қордай ауданының аумағында аударылып, ондағы 54 жолаушыдан 9 адам жарақат алған, деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар басқармасының өкілі Раиса Нұрпейісова Азаттық радиосына сейсенбі күні. Алматы-Тәшкент тас жолының 170-шақырымында болған апатқа көлік жүргізушінің тізгінге ие бола алмай қалуы себеп болған. Дәрігерлік жәрдем алған соң 7 адам дүйсенбі күні емдеу мекемелерінен шығып, қалған екі адам, оның біреуі 1 жастағы сәби қазір Гвардейский кентіндегі дәрігерлік бөлімде жатыр, деді Р.Нұрпейісова.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG