Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, әскери полиция бекетіне шабуыл жасау үшін қос шабуылшы жүк машинасын қолданған. Жібек жолы бойындағы Қашқар қаласындағы осы шабуылдарын олар таңғы 8-де, полиция жасағы таңғы денешынықтыру жасап жатқан сәтте жүзеге асырған. Көліктері электр бағанына соқтыққан кезде олар көліктен секіріп түсіп, қол гранаталарын лақтырып, сондай-ақ полиция қызметкерлеріне пышақ сала бастаған екен.
Синьхуаның айтуынша, 14 адам сол жерде қаза болып, екеуі ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмған. Сондай-ақ тағы 16 полиция өкілі жараланған екен.
Ол қос шабуылшыны полиция тұтқындаған. Оның бірі жаралы болған. Алайда олардың кімдер екендігін анықтай алмауда. Жергілікті ресмилер бұл шабуылды лаңкестік әрекет деп бағалап, ал Қытай басылымдары болса, бұл іске “Шығыс Түркістан Ислам қозғалысы” ұйымының қатысы бар деп жазды. Аталған шабуылдар Қытайдың Шыңжаң-ұйғыр аутономиялық аймағында орын алды.
Мұнда 2000 жылға жуық уақыттан бері ұйғырлар тұрып келеді. Бейжіңнің бұл аймақты одан әрі отарлау саясатына орай біраз хан әулеті деп аталатын қытайлықтар көшіп келуде. Келесі хандықтар тобы Тарим аймағында ашылған мұнай кенішінде жұмыс істеу үшін ағылуда. Кейбір ұйғыр ұлт өкілдері болса, мәдениеттері осы тасқын астында жойылып кетуі мүмкін деп қауіп ойлауда.
Ал Олимпиада ойындарына санаулы күн қалған кезде Қытай ресмилері елдегі жағдайды жіті бақылауда. Тамыздың 8-де басталатын жаздық Олимпиада ойындары тұсында лаңкестік әрекеттердің алдын-алу мақсатында 100 мыңнан аса полиция және әскери жасақтар жұмылдырылып отыр. Бұл жолғы шабуылдарға кімдердің жауапты екендігін Қытай ресмилері әзірге атай қойған жоқ.