Accessibility links

Грузия Оңтүстік Осетия өкілдерімен кездеседі


Грузия ресмилері бірінші рет өзінің жікшіл Оңтүстік Осетия аймағымен тікелей келіссөз өткізуге келісіп отыр. Бұл туралы хабарлаған Қайта ықпалдасу министрлігінің өкілі Марина Салуквадзе кездесу бейсенбі күні Цхинвалиде өтетіндігін айтқан. Тараптар өткен сенбіде алты адамның өліміне әкелген қақтығыстан кейін кездесейін деп отыр.
Бұл арада, бүгін, Ресей дипломаты егер Оңтүстік Осетияда күрделі жағдай қалыптасса, Мәскеу бұл аймақтағы өз азаматтарын қорғайтын болады деп ескертті.
XS
SM
MD
LG