Accessibility links

Олимпиада алауы Бейжіңге жетті


Ғаламды шарлаған “Бейжің-2008” Олимпиада алауы соңғы аялдамасына келіп жетті. Салтанатты жағдайда Бейжің көшелерімен әкелінген алау жұма күні ашылатын Олимпиада ойындары қарсаңында көрнекті жерлерге апарылды.
Наурыз айында Грекиядан шыққан алау әлем елдерін аралағанда, Қытай билігінің Тибетті басып-жаншуына наразылық білдірушілер қарсылық шарасын өткізіп отырды.
Бүгін де қытайлық ақпарат көздері хабарлағандай, Британия мен АҚШ-тың тибетшіл белсенділері Олимпиада стадионына жақын жерде қамауға алынды. Олар “Тибетке азаттық” деп үндеу айтып шыққан.
XS
SM
MD
LG