Accessibility links

Ресей АҚШ-тың зымыран қорғанысына жауап бермекші


Мәскеудің Минскідегі елшісі айтты деген хабарларға қарағанда, Ресей АҚШ-тың Шығыс Еуропада зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату жоспарына жауап ретінде Белорусияда зымыран мен бомбалау базасын орнатуы мүмкін.
Интерфакс агенттігі хабарлағандай, елші Александр Суриков бұл мәселе Польша Америкамен бұл зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату келісіміне қол қойған соң талқылануы мүмкін деген. АҚШ-тың Ираннан төнген қауіпке қарсы деп отырған зымыраннан қорғаныс жүйесіне Ресей жауап қайтаруға сөз берген.
XS
SM
MD
LG