Моңғолияда сапармен жүрген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Моңғолиямен сауда- саттықты дамыту үшін Ресей аумағы арқылы екі ел арасын байланыстыратын автомобиль жолын салғысы келеді деген. Бұл жөнінде Қазақпарат агенттігі Уланбатордан хабарлады.
Қазақстан президенті атап өткендей, бұл мақсатта Ресеймен келіссөз өткізу қажет болады. Өзара сауда- саттықтың дамуына жол қиындығы кедергі болып тұр деген Қазақстан президенті бұл ұсыныс Ресейге де тиімді болады деп атап өткен.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Азаматтық қоғамға – Алашорданың мүлкін қайтару. Төртеудің хаты