Accessibility links

Олимпиаданың ашылу салтанатын 80 мемлекеттің басшылары қызықтайды


Бейжіңдегі ХХІХ-шы жазғы Олимпиада ойындарының бүгін өтетін ресми ашылу салтанатында 80 мемлекеттің саяси басшылары мен патшалары, оның ішінде АҚШ президенті мен Ресей премьер-министрі Дж.Буш және В.Путин болады.
2008 жылдың 8-ші айының 8-і күні жергілікті уақыт бойынша кешкі сағ. 8-де басталатын ашылу рәсіміне мыңдаған спортшы мен өнер шебері қатысады. “8” саны биылғы Олимпиада өтетін Қытай үшін “бақытты сан” болып есептеледі.

Олимпиаданың ашылу салтанатына Қытайда ресми сапарда жүрген Қазақстан президенті Н.Назарбаев та қатысады.

Олимпиада ойындары 24 тамызға дейін жалғасып, 200 елден 11 мыңға жуық атлет спорттың 28 түрінен бақ сынайды.
XS
SM
MD
LG