Accessibility links

Цхинвалиге бақылауды Ресей күштері алды


Бүгін Грузия жікшіл аймағындағы қатты қақтығыстан кейін Ресей күштері Оңтүстік Осетия астанасына бақылауды алғанын мойындады. Грузия Ішкі істер министрі Шота Утиашвили грузиялық күштер Цхинвалиден шығарылды деп мәлімдеді. Ол сондай-ақ, грузиялық әскер Оңтүстік Осетияның басқа да аймақтарынан шығарылғанын айтты. Бірақ Ресей жағы грузиндік әскерлер әлі де бұл аймақта қалып отыр дегенді айтады. Ресей өкілінің айтуынша, Мәскеу Грузияның тағы бір жікшіл аймағы Абхазияға кіруге дайындалып жатыр. Грузия үкіметінің хабарлауынша, Ресей 4 мың жасағын Абхазияға кіргізген. Бүгін Абхазия өзінің әскери күштерін ықшамдап, аймақ президенті Сергей Багапш өздерінің Грузия бақылауындағы жалғыз аймағы Кодори шатқалына 1 мың әскерін жіберетінін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG