Бүгін Грузия теледидары арқылы арнайы мәлімдеме жасаған парламент спикері Дэвид Бакрадзе, Ресей Грузияның Зугдиди қаласын және Абхазиямен шекаралас аймақты бомбалауды жоспарлап жатыр деген еді. Енді Зугдиди қаласындағы жұрт дүрбелеңге түсіп соғыстан қорғанып, үйлерін тастап кетіп жатыр. Зугдидиден шығып бара жатқан қала тұрғыны:
"Жағдай өте нашар. Адамдар үйлерін тастап бір-бірімен қол ұстасып кетіп жатыр. Зугдиди бос қалды, көптеген көліктер қаланың сыртына кетті”.