Accessibility links

Қазақстандық әйгілі спортшы қаза тапты


Тамыздың 10-күні Бурабайда қазақстандық белгілі спортшы Анатолий Храпатый мотоцикл көлігін жүргізіп келе жатып апатқа ұшырап қаза болды, деп хабарлады дүйсенбі журналистерге Қазақстан Туризм және спорт вице-министрі Қайырбек Өскенбаев. 1962 жылы дүниеге келген Храпатый ауыр атлетикадан Еуропа мен әлемдік жарыстардың бес дүркін жеңімпазы, 1988 жылы Сеул Олимпиадасының чемпионы атанды, ал 1996 жылы Атланта Олимпиадасында күміс жүлде иемденді.
XS
SM
MD
LG