Грузияның Оңтүстік Осетиядан өз әскерін шығарып, бітімге келуге шақыруына қарамастан, Грузия мен Ресей шабуылды жалғастырып жатыр деп бір-бірін айыптауда.
Ресей генералы Марат Құлахметовтің Интерфакс агенттігі келтірген сөзіне қарағанда, Оңтүстік Осетияның Цхинвали қаласының төңірегіндегі Ресей әскері грузин жағының тосын соққысына тап болды. Одан бұрын грузин шенеунектері Тбилисидің төңірегі мен Гори қаласына Ресейдің әуеден соққы бергенін мәлімдеді. Эн-Би-Си телеарнасына берген сұхбатында АҚШ президенті Дж.Буш “осы аймақта қантөгіске жол беруге болмайды” деп мәлімдеп, Ресейдің Оңтүстік Осетиядағы іс-қимылын “қисынсыз” деп өткір сынға алды.