Accessibility links

Арада 1 күн өткенде Ресей премьер-министрі АҚШ-тың өзін ащы сынады


Ресей премьер-министрі В.Путин Грузиядан бөлінген Оңтүстік Осетиядағы жанжалда АҚШ-тың грузин жағын қолдауын "арсыздық" деп сипаттап АҚШ-ты ащы сынға алды. Мемлекеттік телеарнадан сөйлеген сөзінде В.Путин Ақ үйді 2 мыңдай грузин жауынгерін Ирақтан әуе арқылы жанжал аумағына жеткізіп, жанжалды шешуге бөгет жасап отыр деп айыптады. Одан 1 күн бұрын АҚШ президенті Дж.Буш “осы аймақта қантөгіске жол беруге болмайды” деп мәлімдеп, Ресейдің Оңтүстік Осетиядағы іс-қимылын “асыра сілтеу” деп өткір сынға алған болатын. Ал АҚШ-тың вице-президенті Дик Чейни Ресейдің Грузияға деген іс-қимылын “әскери басқыншылық” деп атап, онысы “жауапсыз қалмауы тиіс” деп мәлімдеді.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Ұлттық пантеон қажет пе?

XS
SM
MD
LG