Accessibility links

Теміртауда әлденеден уланған мал шығынға ұшырады


Қарағанды облысының Теміртау қаласында жеке шаруашылықтағы мал әлденеден уланып, өліп қалған, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі. Өткен жексенбі күні кешке шығын болған 7 ірі қара 41 қой-ешкі соның алдында кентке жақын жерде орналасқан жарылғыш заттарды сынайтын полигон маңындағы ашық су қоймасынан су ішкені анықталған. Қазір мамандар қалған малды оқшауға алып, ол жердегі су мен шөптің құрамын зерттеп жатыр.
XS
SM
MD
LG