Өткен түнде Цхинвалиді нысанаға алғандардың оғынан жарақат алған 10 әскери қызметкер мен 2 бейбіт тұрғын республикалық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Азаттық радиосына Оңтүстік Осетияның ақпарат және баспасөз комитетінен.
«Екі тараптан да айтарлықтай қатты атыс болған жоқ, тек қана грузиндер жағынан мергендер нысаналарды көздеп атты», - деді осы комитеттің өкілі.