Accessibility links

Грузия жанжалды қайталамаса, Ресей дипломатиясын жалғастырады


Грузияның жерін басып алу туралы Мәскеудің еш ниеті жоқ және Грузияның тәуелсіздігін құрметтейді. Ресейдің сыртқы істер министрі С.Лавров осылай деп мәлімдеді.
Британдық Financial Times газеті жазғандай, С.Лавров: "Ресей әскерінің Оңтүстік Осетияға кіруі - өзінің азаматтарына қарсы жасалған шабуылға қайтарылған жауап болды" деп мәлімдеді.
Мәскеу Оңтүстік Осетия халқының көпшілігіне Ресей азаматтығын берген. С.Лавровтың айтуынша, ЕуроОдақтың мәмілегер болуымен қол жеткен бітімді бекіту үшін және егер Грузия әскери қимылдарын қайта бастамайтын болса, алдағы күндері Ресей дипломатиялық шараларын жалғастырады.
XS
SM
MD
LG