Accessibility links

Грузия Ресейді “бейбіт бітімді бұзды” деп айыптады


Бүгін Грузия шенеунектері Оңтүстік Осетиядағы қарулы қақтығыстарды доғару үшін осыдан 1 тәулік бұрын қол жеткен бітімді бұзды деп Ресейді айыптады. Грузияның ұлттық қауіпсіздік кеңесі мәлімдегендей, Ресейдің 50-ге жуық ауыр соғыс техникасы мен көлігі Грузияның Оңтүстік Осетияға жақын Гори қаласының көшелерінде тұр.
Хабарға қарағанда, танктер мен басқа да соғыс техникасы бүгін Гориден Грузияның оңтүстігіне қарай шыққан.
Алайда Ресейдің Бас штаб бастығының орынбасары Анатолий Ноговицын Гориде ешқандай соғыс техникасының жоқтығын мәлімдесе, грузин жағы қаланың тоналғанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG