Accessibility links

ЕуроОдақ Ресей-Грузия келісімін бақылау мәселесін талқылады


Бүгін Брюсселде Еуропа Одағының сыртқы істер министрлері Ресей - Грузияның арасындағы бітімді сақтау үшін Оңтүстік Осетияға Одақтың бақылаушыларын жіберу мәселесін талқылады.
Бүгінгі басқосуға төрағалық еткен Францияның сыртқы істер министрі Б.Кушнер ЕуроОдақ бойынша әріптестерін бітімді қадағалаушы роліне келісуге үгіттеді.
Алайда ЕуроОдаққа мүше кейбір ел Ресейдің Грузиядағы соғыс операциясына қарсы табанды түрде есе қайтаруды ұсынды. Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Д.Милибэнд: “Еуропа Одағы Ресеймен арадағы жаңа стратегиялық әріптестік туралы келісім бойынша келіссөзді жалғастыру керек пе, жоқ па деген мәселені келесі айда шешуге тиіс”, -деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG