Accessibility links

Ресей-Грузия бітімін қадағалау үшін ЕО өз өкілдерін жібереді


Бүгін Еуропа Одағының сыртқы істер министрлері Ресей мен Грузия арасындағы бітімді қадағалау үшін өз өкілдерін жіберуге негізінен келісті. Брюсселдегі бүгінгі басқосудың соңында қабылдаған бірлескен мәлімдемесінде министрлер бітімді қолдауға ЕуроОдақ дайын болуға тиіс деп атап көрсетті.
Еуроодаққа төрағалық ететін Францияның сыртқы істер министрі Б.Кушнер атап көрсеткендей, құрамында 27 ел бар ЕуроОдақ осындай Қарарды алдымен БҰҰ-ның қабылдағанын қалаған еді.
XS
SM
MD
LG