Accessibility links

Қазақ-қырғыз сауда айналымы 1 млрд долларға жетеді


Сәрсенбі күні Ыстықкөл жағалауында Қырғызстан президенті Құрманбек Бәкиевпен бейресми жағдайда кездескен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасындағы сауда айналымының көлемін 1 млрд долларға жеткізу көзделіп отырғанын мәлімдеді, деп хабарлады Қазақстан президентінің баспасөз қызметі.
Биылғы жылдың алғашқы жартысында өзара тауар айналымы 280 млн долларға жуық қаржыны құраған, бұл өткен жылғы дәл осындай кезеңдегіден 26 пайызға көп.
Қырғызстан өзінің мемлекеттік қорын қамтамасыз ету үшін таяу арада Қазақстаннан 40 мың тонна бидай алатын болып келісіп отыр. Сонымен бірге, екі елдің арасындағы келісімге сәйкес, биылғы жылғы шілде айының 1-інен бастап Қырғызстан азаматтары Қазақстан аумағында 90 күн мерзімге дейін тіркеусіз жүру құқығына ие болды.
XS
SM
MD
LG