Accessibility links

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Грузияны айыптады


Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Парламенттік ассамблеясының кеңесі Грузияны осетин халқына қатысты геноцид жасады деп айыптады. «Тбилисидің Оңтүстік Осетиядағы әскери іс-қимылдары жанжалға қатысқан тараптардың арасында саяси диалог мүмкіндігін үзді», делінген ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясының кеңесі таратқан мәлімдемеде.
Мәлімдеме авторлары Ресейдің өз армиясын Оңтүстік Осетия аумағына енгізуін бейбіт халық пен Ресейдің бітімгершілік күштерін қорғауға бағытталған «шұғыл шара» деп сипаттаған.
1992 жылдың мамыр айында құрылған Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдері мүше.
XS
SM
MD
LG