Accessibility links

Ресей әскерлері Поти қаласында әлі тұр


Сейсенбі күні жасалған бітімге қарамастан, Ресей әскері әлі де Грузияның кем дегенде екі қаласынан шыққан жоқ.
Батыс баспасөзінің хабарлауынша, бүгін орыс танктері мен басқа да соғыс техникасы стратегиялық маңызы бар Гори қаласының басты тасжолын бөгеп тұр. Ресей әскерилері сенбіге қарай Гориді грузин полициясының бақылауына беретіндерін мәлімдеген болатын.
Бүгін Грузияның Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы мен İшкі істер министрлігінің өкілі Грузияның екінші ірі қаласы – Кутаисиде орыс әскерінің жоқтығын хабарлады. Бірақ екеуі де орыстардың Қара теңіз жағалауындағы Поти қаласында қалғанын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG