Accessibility links

Берлин Мәскеуді Грузиядан әскерін шығаруға үндеді


Ресей мен Грузияның арасындағы жанжал – неміс канцлері А.Меркель мен Ресей президенті Д.Медведевтің бүгін Сочиде өткізген баспасөз-маслихатының басты тақырыбы болды.
Д.Медведев Грузияны Францияның дәнекер болуымен әзірленген жанжалды бейбіт реттеу жоспарын қолдауға шақырды. Оның айтуынша, өткен аптадағы оқиғадан кейін не Абхазияның, не Оңтүстік Осетияның Грузияның құрамдас бөлігі болуды қалай қоюы екіталай. А.Меркель Кавказдағы ахуалға Ресейдің тым үлкен күш қолданғанын айтып, Ресей әскерін Грузиядан кетуге шақырды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG