Accessibility links

Сербия халықаралық сотқа қайрылмақшы


Сербия БҰҰ-ның халықаралық Әділет сотына жүгініп, Косовоның Сербиядан тәуелсіздігі заңды болды ма, жоқ па деген мәселені анықтамақшы. Сербия Сыртқы істер министрі Вук Иеремич Нью-Йоркте журналистер алдындағы сөзінде соттың шешімі қандай болса да Сербия оны қабылдайтындығын айтқан. Ақпан айында Косово өз тәуелсіздігін жариялады, Сербия оған қарсы шығып келеді.
XS
SM
MD
LG